You are here

2017 жылдың 6 айындағы жазаның орындалу заңдылығын қадағалау саласы бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас бостандығынан айыру орындарында жедел-режимді жағдай тұрақты.

Жүйелі жұмыстың арқасында сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың артуына жол берілген жоқ.

Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруды қанағаттандыру 86,8% құрады.

Бас бостандығын айыру жазасының орнына баламалы түрде айыппұл тағайындаудың нәтижесінде бюджетке 15,5 млн.теңге түсті.

Елбасымен «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарымен қойылған тапсырмаларды орындау шеңберінде, түрме тұрғындарының саны азайып, олар қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығып, қалыпты өмірге бейімделуде.

Пробация қызметтерінде есепте тұрғандардың саны 9,5 % өскеніне қарамастан, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау 55-тен 15-ке  немесе 72,2 % азайды.

Уәкілетті органдар сотқа ұсыныс енгізулерін тоқтатты, оның орнына сотталғандармен құқықтық түсіндіру және тәрбиелеу жұмыстарын жүргізе бастады.

А.ж. облыс прокуратурасымен азаптау және басқа да қатыгез қараудың алдын-алу мақсатында қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде кезекші прокурор институты енгізілді.

Мекемеге келу аптасына 3 рет, оның ішінде демалыс, мереке күндері және кешкі түнгі уақытта жүзеге асырылады.

 Оның барысында этаппен апару, таңертеңгі және кешкі тексерістер, жеке құпия  әңгімелесулер өткізіледі. 

Мекеме әкімшілігімен бірлесе отырып, орын алған мәселе сол жерде өз шешімін тапқандықтан, өтініштердің саны азайды.

 «Түрмедегі жұмыспен қамту-2017» түрме реформасын іске асыру жалғасуда, оның барысында пенитенциарлы мекемеге бірқатар шаруашылық субъектілері тартылып, сотталғандардың жартысына жуығы жұмыспен қамтылды.

Нәтижесінде жұмыспен қамтылған сотталушылардың саны 52%-дан 71%-ға дейін немесе 19% артты.

 Жеке еңбек шарты бойынша 2 (3) сотталған жұмыспен қамтылды.

 Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша «Енбек-Орал» МК мен облыстық  ІІД, ТЖД және Орал қ.  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі арасында 83,1 млн. теңгеге тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған металл контейнерлер, торлар жасау үшін келісім-шарт жасалды. Нәтижесінде жүргізілген мақсатты жұмыстың арқасында сотталғандармен бюджетке 10.6 млн. теңге қайтарылды.

«Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасының шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді оңайлату бойынша шаралар қабылданды.

Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша «Орал қ. жұмыспен қамту бөлімі» ММ-де «бір терезе» қағидаты бойынша апта сайын аталған санаттағы азаматтарды ҚАЖД, ӘД, ЖПҚ, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіркерлік саласының өкілдері қабылдап, олардың әлеуметтік мәселелерін сол жерде шешіп беруде.

 Нәтижесінде 15-і жұмысқа орналасып, 7-і оқуға жолданылды.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде қайталап жасалатын құқық бұзушылықтың саны азайып, ресоциализация жағдайлары жақсарды.

 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.