You are here

2017 жылдың 11 тамызындағы Үйлестіру кеңесінің баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

11 тамыз күні заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыспен күресті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің отырысында 2016 жыл мен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен қабылданған шаралардың заңдылығы мен тиімділігінің жай-күйі қаралды.

Кеңес отырысына облыс әкімінің м.а. А.Өтеғұлов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ жол ведомтсволарының басшылары қатысты.

Облыс прокурорының м.а. Найманов  Тәжіден Жүкенұлы кеңесті аша отырып, облыстың жолдарындағы авария деңгейінің жоғарылығы әлеуметтік және экономикалық күрделі мәселелердің бірі екендігін атап өтті. Жыл сайын жолдарда жүздеген адамдар көз жұмады, оданда көбі жарақат алып, тіпті мүгедек болып қалып жатыр.

Тек ағымдығы жылдың 7 айында көз жұмғандардың саны 37 адамға жетті.

Бұл жағдайлардан кейін біздің жол қауіпсіздігі мәселесіне қайта оралуымызға тура келді, себебі кейбір оң нәтижелерге қарамастан жағдайды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. 

Прокуратура бұл мәселені бірінші рет көтеріп отырған жоқ. 2015-2016 жылдары барлық мемлекеттік органдардың, тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың, автомектептердің қызметіне кең ауқымды прокурорлық тексерулер жүргізіліп, жолдарда көптеген бірлескен рейдтер өткізілді.

Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер аз болған жоқ, олар 2016 жылдың сәуірінде облыс прокуратурасының алқасында қаралып, онда мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсынымдамалар берілді.

Нақты шаралар қабылданды, осының арқасында көрсеткіштердің жақсару тенденциясы байқалды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша соңғы жылдардың ішінде бірінші рет ЖКО, сонымен бірге жарақат алушылардың саны азайды. 2017 жылдың алғашқы алты айында ЖКО саны 19%, көз жұмғандар саны 40% азайды.

Бірақ, соған қарамастан жағдайдың түбегейлі жақсаруы байқалмайды. ЖКО саны бойынша БҚО бойынша көрсеткіштер республикалық орташа көрсеткіштер жоғары (басқа өңірлермен салыстырғанда республика бойынша 6 орында).

 

Негізгі баяндамашы облыс прокуратурасының 1 басқарма бастығы Жаннұр Ахметбек талдау нәтижесі бойынша анықталған өзекті проблемалар мен кемшілктерді 6 блокқа бөлді:

1.    Жол инфрақұрылымының жай-күйінің тиісті түрде болмауы;

2.    Транспортты жүйенің интеллектуалды нашар дамуы;

3.    Жол жүрісінің қатысушыларының мәдениетінің төмендігі;

4.    Жолаушыларды тасымалдаудың тиісті түрде ұйымдастырылмауы;

5.    Заңсыз тасымалдаушылардың қызметі.

6.    Уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиімділігінің жеткілікті болмауы.

БҚО-да жолды күтудің кешенді көрсеткіші республикалық маңызы бар жолдар -78%, облыстық-34%. Облыс жолдарының көрсеткішінің төмендігі- жолдың күтіміне жеткілікті қаржыландырмаудың салдары болып отыр. Жыл сайын оларды жөндеуге және олардың күтіміне норматив бойынша 4 млдр.теңгенің орнына, тек 400 млн.теңге бөлінеді, бұл нормативтің 13%. Республикалық жолдардың жағдайы жақсырақ болсада, бұл жерде де норматив сақталмай тұр.

90% астам ЖКО жүргізушілердің қасақана ереже сақтамауынан орын алады.

А.ж. 6 айында жолаушы автобустарынан 2016 жылдың 12 айымен салыстырғанда 3 есе адам қаза болған. 

Жол көлік апаттарына заңсыз тасымалдаушыларда өз әсерін тигізіп отыр. Қалааралық және ауданаралық заңсыз қызмет көрсету қалыпқа айналды.

 Көрсетілген барлық проблемалар жүйелі шешімді қажет етеді.

 Прокуратура осы проблеманы шешу үшін жобалық менеджмент әдісін қолдану қажет деп пайымдайды, өйткені осы әдісті қолдану арқылы басқа да негізгі салаларда оң шешімін беруде.

Осыларды ескере отырып, Кеңесте облыс прокуратурасымен жасақталған «Қауіпсіз жол - Безопасная дорога» жобасы мен оны жүзеге асырудың жоспары таныстырылды. Жобаның мақсаты- ЖКО салдарынан қаза болу және жарақат алуды азайту болып табылады. Шаралар жоспары 2018 жылдың соңына дейін іске асырылуы тиіс 30 нақты шарадан тұрады.

Жоба Үйлестіру кеңесімен мақұлданды және бекіту үшін облыс әкіміне жолдау ұсынылды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.