You are here

2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы Орал қ. прокуратурасының жұмыс қорытындысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарының құқық қорғау функциясын жүзеге асырудың шеңберінде 2017 жылдың 6 айында қадағалау шараларымен 36 млн. теңгеден астам сомадағы жалақы бойынша борыш өтеліп, нәтижесінде 120-дан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.

Мемлекеттік кәсіпорындардың қайта құрылуына байланысты «Бюджеттік ұйымның жұмыскері» санаты бойынша мұқтаждардың есебінде тұрған азаматтарға тұрғын үй беруден бас тартуға қатысты жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттеріне тыйым салынды.

Прокуратураның араласуынан соң аталмыш санаттағы азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, 49 тұлғаның 32-сі мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алды.

«Құмар ойындарсыз қала» жобасын жүзеге асырудың шеңберінде құқық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлер мен жалға берушілерге 60 хабарлама таратылып, нәтижесінде 60 заңсыз лотерея терминалы айналымнан ерікті түрде алынып тасталды.

Рейдтік іс-шаралардың нәтижесі бойынша мемлекеттің пайдасына 35 лотерея терминалы және компьютерлік техниканың 66 бірлігі тәркіленіп алынды.

13 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, бүгінгі күні 4 айыптау үкімі шығарылды.

Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған онлайн-казинолардың 5 сайтының қызметіне тыйым салынды.

Интернет көздеріне мониторинг жүргізудің барысында есірткі заттарын заңсыз сату жүзеге асырылатын сайт анықталып, прокуратураның өтініші бойынша соттың шешімімен республика аумағында тыйым салынды.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау саласында негізгі күш азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталды.

Мәселен, Орал қ. ІІБ ғимаратының холын қайта жөндеу арқылы кезекші прокурордың жаңа кабинеті ашылып, қазіргі уақытта 204 азаматқа уақтылы құқықтық көмек көрсетілді.

Сезікті тұлғаларға қатысты тергеудің тыйым салынған әдістерін қолдануға, қинауға жол бермеу мақсатында қабырғалары ашық жауаптау кабинеттері ашылып, қылмыстық процестің айқындығын қамтамасыз ететін тәулік бойы бақылау бейне камераларымен жабдықталды.

Қылмыстық қудалау органдарының ғимаратында үш сағаттан астам уақыт болған 3 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.

Қалалық прокуратураның бастамасымен «Орал қ. жұмыспен қамту бөлімі» ММ-нің базасында кабинет ашылып, онда күн сайын «бір терезе» қағидасы бойынша ҚАЖ, ӘД, ЖПҚ, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік бөлімдерінің өкілдері бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды қабылдап, сол жерде олардың әлеуметтік мәселелерін шешуде.

Нәтижесінде 15 адам жұмысқа орналасып, 7 тұлға оқуға жолданды.

Қалалық прокуратурамен жүргізілген, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждарды есепке қою және алу мәселесіне қатысты жергілікті атқарушы органның әрекетін даулау туралы сот тәжірибесіне талдау жасаудың нәтижесінде тұрғын үйге мұқтаж тұлғалардың бірыңғай тізімі жасалып, азаматтар кезегі және оның жылжуы туралы ақпараттар ала алатын «Тұрғын үй қатынастар орталығы» ашылды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.